Инлюзивті мектептің идеясын кең тарату үшін ата-аналарға берілетін кеңестер

1. Ақпараттануды арттыру
Инклюзивті білім беру деген не, оның артықшылықтары қандай екенін түсіну үшін сенімді дереккөздерді оқыңыз. Бұл ұғым Инклюзивті білім беру барлық балаларға тең мүмкіндік беруді көздейді.
2. Балаларға түсіндіру
Өз балаңызға әр адамның ерекшелігі бар екенін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар да қоғамның толық мүшесі екенін қарапайым тілмен түсіндіріңіз. Бұл эмпатия мен құрметті қалыптастырады.
3. Мектеппен тығыз байланыс орнату
Мектеп әкімшілігімен және мұғалімдермен сөйлесіп, инклюзивті орта қалай ұйымдастырылып жатқанын біліңіз. Қажет болса, ұсыныстарыңызды айтып, белсенді ата-ана болыңыз.
4. Қоғамдық қолдау көрсету
Басқа ата-аналармен пікір алмасып, инклюзивті білім беруді қолдайтын топтарға қосылыңыз. Бұл идеяның кең таралуына ықпал етеді.
5. Үлгі болу
Өз іс-әрекетіңіз арқылы толеранттылық пен құрмет көрсетіңіз. Балалар көбіне ата-анасының мінез-құлқын қайталайды, сондықтан сіздің көзқарасыңыз өте маңызды.